ИЛЬЯ ИЛЬИН ТАҒЫ БІР ИГІЛІКТІ ІС ЖАСАДЫ
Жаңа жыл қарсаңында атағы дүние жүзіне танымал ауыр атлет Илья Ильин Аяз ата роліне еніп, Астана қалалық балалар үйінің 13 жастағы тәрбиеленушісі Владимир Мигуновқа атаулы білім депозитін ашты. Бұл туралы http://edu.gov.kz/ru ресми сайтында жарияланды.
Осылайша, ауыр атлет жетім балалардың атына білім депозитін ашып және толтырып отыратын спортшылар Серік Сәпиев және Василий Левит бастаған қайырымдылық эстафетасын жалғастырды.
Осы шараға қатысқан РИО олимпиадасының жүлдегері, боксшы Василий Левит «Бұл, шын мәнінде, жақсы іс. Депозиттің бұл түрін кез-келген адам аша алады. Және осы эстафетаны, өзімнің әріптесіме, Илья Ильинге беремін» - деді.
Илья Ильин балалар үйінің тәрбиеленушісіне лебізін арнап, қолынан келгенше қамқорлық танытатынын жеткізді. Ал Владимир Мигунов атақты ауыр атлетке жақсы оқуға сөз берді. Осылайша Илья бір балаға жарқын болашақтың кепілі болатын лайықты білім алудың мүмкіндігін сыйлады.
Айта кетейік, МБЖЖ – бұл жаңа қаржылық құрал, оның арқасында ҚР әрбір азаматының өз мүмкіндігі шегінде қатысушы банкте білім беру жинақтау депозитін ашу, техникалық/жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға қаражат жинақтау мүмкіндігі бар. Депозиттің негізгі басымдығы – банк және мемлекеттік сыйақысы есебінен 19-21 % мөлшерінде табыс әкеледі. Салымшы мемлекеттік білім грантын иеленген жағдайда жиналған қаржыны қалай пайдаланатынын өзі шешеді.