ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ЖАҢАЖЫЛДЫҚ ҚҰТТЫҚТАУЫ
Құрметті қызылордалықтар!
Баршаңызды әлем халықтарының ортақ қуанышына айналған - Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа жыл - өткенге көз жүгіртіп, таразылайтын, жүріп өткен бір жылға баға беріп, жаңа бастамалар мен ізденістерге тың қадам жасайтын, жақсылыққа ұмтылатын, жаңаша ойлауға жол сілтейтін ерекше мереке.
Өтіп бара жатқан 2016 жыл біздің еліміз үшін тарихи және саяси оқиғаларға толы, табысты жыл болды.
Арманымыздың асқары, бақытымыздың бастауы болған ұлы мереке - Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын барша халық болып атап өттік.
Елбасының салиқалы саясатының арқасында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың және аймақ басшысының қолдауының негізінде қаламыздың әлеуметтік-экономикалық маңызды мәселелері кезең-кезеңімен шешімін тауып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда белсенді жұмыстар атқарылды.
Бұл - іргелі елдігіміздің, ынтымағы мен бірлігі жарасқан қызылордалықтардың ерен еңбегінің жемісі.
Өтіп бара жатқан жыл, Сыр елінің бас шаһары – Қызылорда қаласының тарихында өнеге мен өркениетті істерге толы, айтулы оқиғаларымен ерекшеленді.

Қымбатты жерлестер!
Санаулы күндерден кейін төрімізге енетін жаңа – 2017 жылға қадам басамыз. Халқымызда "Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп" деген дана сөз бар. Біз қашан да өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күткен халықтың ұрпағымыз.
Жаңа 2017 жыл әр шаңыраққа құт-берекесімен еніп, қуаныш пен шаттыққа кенелткей және елімізге мол жақсылығы мен игілігін ала келсін.
2017 жыл бейбітшілік пен табыс жылы болсын!
Жаңа жыл құтты болсын!

Ізгі ниетпен,
Қызылорда қаласының әкімі
Нұрлыбек Нәлібаев
Қызылорда қаласының әкімі
Нұрлыбек Нәлібаев