БОЛАШАҒЫМЫЗ - БІРЛІКТЕ
Қызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде "Болашағымыз - бірлікте" атты спартакиада өткізілді. Зияткерлік мектеп мұғалімдері мен қызметкерлері арасында әріптестік байланыстарды нығайтып, салауатты өмір салтын қалыптастыру және қысқы Универсиада ойындарына қатысушыларға қолдау көрсетуді көздеген жарысқа еліміздің әр түкпірінен 7 команда қатысты. Командалар волейбол, шағын-футбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ және гір көтеру бойынша бақтарын сынады.
Қызылордалық НЗМ ұжымы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықса, екінші орын олардың тараздық әріптестеріне бұйырды. Ал Алматы қаласынан келген ХББ НЗМ ұжымы үшінші орыннан көрінді.
Біздің команда сапындағы Қырмызы Секина тоғызқұмалақтан екінші орын алса, волейболшыларымыз үшінші орын иеленді. Үстел теннисінде Қызылордадағы НЗМ мұғалімі Жанна Омарова қарсыластарынан басым түсіп, бірінші орынға шықты. Ал оның әріптесі Бағдат Әбіловке үшінші орын бұйырды.
Гір тасын көтеруден Қызылорда қаласы НЗМ педагог-ұйымдастырушысы Нұржан Бисенбаевқа тең келер ешкім болмады.
Ең тартысты да қызықты өткен ойындарының бірі – шағын-футболдан Қызылорда қаласы ХББ НЗМ командасы жеңімпаз атанды.
Барлық жеңімпаз командаларға және үздік ойыншыларға арнайы дипломдар мен сыйлықтар үйлестірілді.
Ең тартысты да қызықты өткен ойындарының бірі – шағын-футболдан Қызылорда қаласы ХББ НЗМ командасы жеңімпаз атанды.
Барлық жеңімпаз командаларға және үздік ойыншыларға арнайы дипломдар мен сыйлықтар үйлестірілді.