«ЭКСПО-2017» КӨРМЕСІНДЕ АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ЖИНАҒЫ КӘДЕСЫЙ РЕТІНДЕ ҰСЫНЫЛМАҚ
Абай Құнанбайұлы – адамзат өркениетінің рухани әлеміндегі жарық жұлдыздарының бірі болып табылады. Ұлы ақынның шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын қазынасы. Ол келешек заман үшін де ұлттық құндылығымыздың биік шоқтығы болып қала береді.
Ақын шығармаларын әлемге таныту, дүниежүзілік маңызын насихаттау мақсатында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-мұражайы қазақ, қытай, ағылшын, орыс тілдерінде өлеңдер жинағын баспаға дайындап, жуырда «Семей-Көркем» баспаханасынан жарық көрген кітаптарға ұлы ақынның көпшілікке кең танымал шығармалары енгізілді.
Данышпан ақынның баға жетпес асыл мұрасы «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесінің қонақтарына кәдесый ретінде ұсынылмақ.
Жинақта суретшілер Н.Өтепбаев пен Е.Сидоркиннің туындылары пайдаланылды.
Данышпан ақынның баға жетпес асыл мұрасы «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесінің қонақтарына кәдесый ретінде ұсынылмақ.
Жинақта суретшілер Н.Өтепбаев пен Е.Сидоркиннің туындылары пайдаланылды.