ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫЛАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Жуырда «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру жөніндегі республикалық конкурстық комиссия отырысы өтті. Бұл туралы ҚР БҒМ-ның ресми сайтында жарияланды.
Республикамыздың 84 жоғары оқу орындарынан қатысқан 444 үміткер арасынан 200 адам «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері болды. Олардың арасында Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасының жетекшісі, химия ғылымдарының кандидаты Нұрбол Аппазов бар.
Биылғы бір ерекшелік – үміткерлер арасында жас мамандар көп болды. Сондай-ақ, осы жылы оқытушылардың қызметін бағалауда оқулықтарды, монографияларды, оқу құралдарын ағылшын тілінде әзірлеу, қатысу және басып шығару; кәсіби қызметі бойынша шет тіліндегі жаппай ашық онлайн курстардың платформасы базасында курстан табысты өткені туралы сертификаттың болуы ерекше ескерілді. Алғаш рет үміткерлердің барлық жоспарланған жұмыс түрлерінің орындау мониторингін қарастыратын жұмыстарының жылдық жоспар-кестесі бағаланды.
Бұл грант жоғары оқу орындарының оқытушыларына әлемнің жетекші университеттерінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын және біліктілікті арттыру мақсатында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді.