ОҚУ ОРЫНДАРЫ КӘСІПКЕРЛІК НЕГІЗДЕРІН МЕҢГЕРУДЕ
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы түрлі сала мамандары үшін кәсіпкерлік негіздеріне бағыт-бағдар беретін алаңға айналды.
Осындай шаралардың бірі техникалық және кәсіптік оқу орындарының басшыларына арналып ұйымдастырылды.
Мемлекет басшысы 2017 жылдан бастап «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» жаңа жобасын жүзеге асыруды тапсырған. Жастардың жұмысшы мамандығын алуына мүмкіндік беретін жобаны облыста 17 колледж, 2 кәсіпорын жанындағы оқу орталығы мен 1 әскери-техникалық мектептің облыстағы филиалы жүзеге асыратын болады. Жобаға қатысушылар техникалық, технологиялық, қызмет көрсету және сервис, ауыл шаруашылығы, құрылыс, шағын және орта бизнес саласына қажетті мамандықтар бойынша кәсіп алмақ.
Осы ретте білім саласының мамандары нарықтық экономика жағдайында арнаулы орта оқу орындары да заманға сай бейімделіп, өзін-өзі қаржыландыруы үшін Кәсіпкерлер палатасына арнайы семинар өткізу туралы ұсыныс айтқан еді.
Осыған орай Палатада арнайы семинар ұйымдастырылып, бизнес-тренерлер оқу орындарының басшыларына мастер-класс өткізді. Шара барысында оқу орнының қызметін нарық сұранысына лайықты ету талқыланып, семинарға қатысушыларға колледждердің бизнес жоспарларын, сонымен қатар ұзақ мерзімді даму жоспарларын әзірлеу мәселесі айтылды.
Жалпы Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы мен аймақтағы арнаулы орта оқу орындары арасында әріптестік байланыс дуальдық оқыту бағдарламасы бойынша тиімді жолға қойылған. Бүгінде бизнес өкілдері кәсіптік-техникалық оқу орындарын корпоративті және сенімгерлік басқару жобасын қарастыруда.