ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 9,5 МЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ
Қызылорда облысында биыл 9,5 мың жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды BNews.kz.
«1 қазандағы мәлімет бойынша 8157 жұмыс орны ашылған, оның ішінде 6878-і тұрақты жұмыс орындары. Жыл басынан бері 24 376 адам жұмыспен қамту органдарына өтініш берді, оның ішінде 9788 адам жұмысқа орналасты», - деді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бөлім басшысы Ж.Дәулетбаева.
ҚР Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарағанда 1 қазанда экономикалық белсенді халықтың үлесі 359,9 мың адамды құрады. Оның ішінде 341,7 мың адам жұмыспен қамтылған. Жұмыссыздық деңгейі 5% шамасында болды.