ЖЫЛ ТОҒЫСЫНДАҒЫ ҚҰРМЕТ
Кеше Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаевтың қатысуымен жыл үздіктерін марапаттау салтанаты ұйымдастырылды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Шарада қала басшысы жыл көлемінде жеткен жетістіктерімізге тоқталып, барша қала тұрғындарын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
- Өтіп бара жатқан жыл біздің қаламыз үшін де шын мәнінде бірлік пен берекенің, жаңа жетістіктер мен мүмкіндіктердің, халық қалаған, серпінді жобалардың орындалуымен аса елеулі болды.
Әр жаңа жыл табалдырығында жақсылық пен жағымды жаңалық күтеміз. Ендеше келер жылы сол ойымыздағы арман-тілегіміз жүзеге асып, бақ-берекеміз таси берсін. Елімізді өркендету жолындағы еңбектеріңізге мол табыс, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға құт - береке тілеймін! – деді қала әкімі.
Қала әкімінің құттықтауынан кейін өңіріміздің дамуына ерекше қызмет етіп, елге еңбегімен танылған 12 азаматқа «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» атағы салтанатты түрде тапсырылды. Осы құрметке ие болғандар арасында «Сыр медиа» ЖШС ардагерлер кеңесінің төрағасы, белгілі ақын Әскербек Рақымбекұлы да бар.
Сонымен қатар, әр саладан халыққа қызмет ету жолында жарқын жетістікке жеткен 14 маман «Жыл үздіктері» номинациясымен марапатталады.
Қала мектептерінен үздік нәтижеге қол жеткізген 10 мұғалім қала әкімінің «Үздік мұғалім» грантын иеленіп, 150 мың теңге сыйақы алды. Салтанатты кеште өз саласында үздік деп танылған жастарға да құрмет көрсетілді. Оларға «Самғау» жастар сыйлығы мен 100 мың теңге сыйықы берілді. Жерлесіміз, белгілі ғалым, физика – математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясының академигі Асқар Жұмаділдаев жүлдесі үшін өткізілген мектеп оқушылары арасында өткізілген олимпиада байқауының жеңімпазы атанған 10 оқушыға қала әкімінің арнайы 100 мың теңге сыйақысы табысталады.
Салтанатты шара мерекелік концертпен жалғасып, онда Самал Байсейітова, Мақсат Мақұлбеков сынды жергілікті өнерпаздар мен эстрада жұлдызы Нұржан Керменбаев қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.