АҢДЫ ЗАҢСЫЗ АУЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ
Экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ескерту, анықтау және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мақсатында жүргізілген рейдтік шолу жұмыстары барысында Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері «Қызылорда-Павлодар» тас жолының 12-шақырымында заңсыз аң аулаған 3 азаматты ұстады, деп хабарлайды ОІІД баспасөз қызметі.
Автокөлік жүксалғышынан 3 қоянның денесі табылып, қарау жүргізу барысында бір ұңғылы 16-калибрлі аңшы мылтығы, 28 дана оқ заттай дәлелдеме ретінде алынды. 28 және 38 жас шамасындағы заңсыз аң аулаушыларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Олардың қылмыстық әрекеті дәлелденсе, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бір жылға айырылып, үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына жегіледі. Жаза түрі екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу да болуы мүмкін.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі