СОТ ҮКІМІМЕН 10 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен айыпталған 41 жастағы сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралып, айыптау үкімі жарияланды.
сСотталушы қазан айының 19 күні сағат 18-00 шамасында жәбірленушімен бірге бір бөтелке спирт ішімдігін ішкен. Масайып қалған жәбірленуші сотталушының намысына тиетін балағат сөздер айта бастайды. Сол кезде сотталушы алкогольді еліту жағдайында, асхана пышағымен жәбірленушінің бүйрек тұсынан екі мәрте ұрып, қасақана ауыр зиян келтіріп, адам өлтірген.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуі белгіленді.
Сонымен қатар, сотталушыдан жәбірленушінің туыстарының пайдасына 2 000 000 теңге моральдық шығын өндірілетін болды, делінген облыстық соттың баспасөз қызметінің таратқан мәліметінде.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.