АРАЛДАҒЫ ҚАР МҮСІНДЕР АЛАҢЫ
Жаңа жыл қарсаңында Арал қаласының орталық алаңында қардан жасалған мүсіндердің қалашығы пайда болды,– деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Балалардың қиялындағы түрлі бейнелер қойылған алаңдағы басты кейіпкерлер – Жаңа жылдың символы Аяз ата мен Ақшақар. Мұндағы қардан жасалған шырша да өткен-кеткеннің назарын аударып тұр. Ал қаланың орталық алаңынан орын тепкен мүсіндерді жасаған балабақша, білім беру мекемелері, сондай-ақ басқа да мекеме мен кәсіпорындардан мүсін мектеп ұжымдары мен әсемдікке әуес қала тұрғындары.
Мүсіншілер байқауына қатысқандардың барлығы дерлік Арал қаласы әкімінің «Алғыс хатын» және демеушілердің арнайы сыйлықтарын иеленді.
Мүсіншілер байқауына қатысқандардың барлығы дерлік Арал қаласы әкімінің «Алғыс хатын» және демеушілердің арнайы сыйлықтарын иеленді.