БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Р.Тәуекелов баспасөз мәслихатын өткізді.
Жыл бойы облыста сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында 291 дәріс мен семинар, 10 конкурс, аудан орталықтары мен елді мекендерде 66 көшпелі кездесу, әр түрлі әлеуметтік топ өкілдерінің қатысуымен 48 дөңгелек үстел ұйымдастырылған.
- Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Ашық келісімді жүзеге асыру үшін 2016-2017 жылдарға арналған бірлескен іс-шара жоспарын бекітті. Ашық келісім 4 бөлімнен тұрады. Оны жүзеге асыру барысында департамент азаматтық институттармен бірлесе отырып, осы жылға көзделген міндеттерді толығымен орындады, - деді Р.Тәуекелов.
Баспасөз мәслихатында «БАҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында ұйымдастырылған конкурс жеңімпаздары жария етіліп, басқарма басшысы оларға марапат табыс етті.
Фариза ОМАРОВА