ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ
Кеше мемлекеттік жастар саясатының өңірімізде жүзеге асырылуы бойынша қорытынды шара өтіп, азаматтық институттар мен осы бағытта белсенді еңбегімен көзге түскен жастар қатысты.
Өтіп бара жатқан жылда облыс бойынша мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға 300 млн. теңгеге жуық қаржы бөлініп, оған барлығы 44 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Облыстық ішкі саясат басқармасы арқылы ұйымдастырылған жобалар аясында 4 орталықтың жұмысы ұйымдастырылды. Осы жыл аясында өткізілген ірі шаралар қатарында облыстық жастар форумы, Өңірлік Дельфийлік ойындарын өткізу «Сыр үміті» сыйлығын тапсыру рәсімін ұйымдастыру мен «Сыр Алаштың - Анасы» экспедициясы бар.
Үстіміздегі жылы ұйымдастырылған жастар саясаты жөніндегі облыстық кеңес отырысының нәтижесінде 2017 жылдан бастап барлық аудан әкімдіктері жанынан «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылады. Сонымен қатар, «Жастар саясаты мәселелері басқармасы»
мемлекеттік мекемесі құрылып, өз жұмысын бастайды. Бұл жастар саясаты саласындағы жұмыстарды жүйелей түсуге оң ықпалын тигізетін болады.
Келер жылы ауыл жастарын әлеуметтендіру, ЖОО және ТжКБ беру ұйымдарын бітірген студенттерді тәжірибеден өткізу, жұмыссыз, жазасын өтеп шыққан жастарға арналған әр түрлі сала бойынша оқыту курстары ұйымдастырылады.
Шара соңында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген байқау жеңімпаздары мен мемлекеттік жастар саясатын жүргізуде белсенділігімен көзге түскендер марапатқа ие болды.