ОТШАШУ ОПЫҚ ЖЕГІЗБЕСІН...
Қызылорда облысы ТЖД мәжіліс залында «Жаңа жылдық пиротехника және қауіпсіздік» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.
Онда өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Р.Қайрақбаев Жаңа жыл мерекесінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жайлы айтып өтті.
Департамент мамандары жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесіп мәдени-көпшілік іс-шаралар өтетін 408 нысанның тізімін анықтады. Осы орындарға комиссиялық қарау жүргізілді. Оның барысында көшіру жолдарының жағдайына, алғашқы өрт сөндіру құралдарының жұмысқа жарамдылығына, жаңа жыл шыршасын электр гирляндалармен, иллюминациялармен қауіпсіз безендірілуіне назар аударылып, өртті болдырмау талаптарын бұзған фактілерді анықтады.
Қазір департаменттің жеке құрамы арасынан жаңа жылдық шаралар өткізілетін орындарда жедел топтар құрылып, пиротехникалық бұйымдарды, арнайы эффектісі бар ашық отты бөлмелерде қолдануға тыйым салу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Талапқа сай келмейтін пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға жол бермеу мақсатында Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің бұйрығына сәйкес 15 рейдтік жедел-профилактикалық шара өткізілді. Оның барысында ішкі істер органдарының қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық туралы 18 хаттама толтырып, 352 дана пиротехникалық өнімдер тәркіленді.
Сондай-ақ, брифингте Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Е.Әлішеров Қызылорда қаласы бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу жұмысы туралы айтты.