ЖОЛ ПОЛИЦИЯСЫ АЛА ТАЯҚТЫ ҚОЛДАНБАЙТЫН БОЛДЫ
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап жол полициясы көліктерді тоқтату үшін арнайы таяқша қолданбайтын болады, деп хабарлайды 24 KZ.
Ішкі істер министрлігі саланы модернизациялау аясында жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты халықаралық тәжірибемен танысып, зерттеуден кейін осындай жаңалық енгізіп отыр. Қазіргі уақытта бірқатар еуропалық елде жол полициясы көлікті тоқтатарда арнайы таяқша (жезл) қолданбайды. Халықаралық стандарттарға сәйкес, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап біздің ішкі істер органдарының қызметкерлері де көліктерді тоқтату үшін арнайы таяқша қолданбайтын болады.
«Көлікті тоқтату үшін қолын көтеріп, «тоқта» деген белгі береді және сонымен бірге ысқырықты да пайдаланады немесе арнайы дыбыс күшейткіш және жарық беретін құралдарды да қолдана алады, сондай-ақ автопатрульмен де тоқтатады. Жол ережесін бұзғандарды анықтау үшін бейнекамералар, сонымен бірге ішкі істер органдарының бейне тіркеуіштері қолданылады», - дейді тілшілерге жаңалыққа қатысты түсіндірме берген ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев.