ЖАҢА БАСТАМАЛАР НАРЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРАДЫ
2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап газ бағасы өседі. Жеке саудадағы мұнайдан алынатын сығымдалған газдың 1 келісі орташа 17 теңгеге өседі деп болжануда. Бұл тарифтің құрамдас бөлігінің объективті өсуіне байланысты, деп мәлімдеді «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Пірімов.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы экономиканың барлық секторында нарықтық бағаға өтуге қатысты тапсырмасын орындау мақсатында атқарылып жатқан бағыттардың бірі нарықта мемлекеттік бағаны реттеуді болдырмау болып табылады. Бұл әсіресе, теміржол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай өнімдері өндірісі, мұнай тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі, телекоммуникация және пошта байланысы, газ салаларына тікелей қатысты.
«Енгізілген жаңа бастамалар ең алдымен нарық тиімділігін арттырады, себебі, осылайша ұлттық субъектілер ЕЭО субъектілерімен тең жағдайда болады. Сонымен бірге, нарықтағы бағаны реттеудің болмауы ел экономикасын нарық субъектілерінің кейбір салалары көрсететін қызметтер бағаларының негізсіз өсуі қаупіне алып келуі мүмкін. Осыған сәйкес, 2020 жылға дейін баға реттеудің жаңа түрін, яғни келесі салалар бойынша қоғамдық маңызы бар нарықтар енгізу қарастырылуда», - дейді департамент басшысы.