АУЫЛДА ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАН АШЫЛДЫ
Жаңақорған ауданына қарасты Сүттіқұдық ауылында дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанаты өтті.
Оған облыс әкімінің орынбасары Қ.Ысқақов қатысып, сүттіқұдықтықтардың қуанышына ортақтасты. Ауыл тұрғындарының атынан сөз алған ардагер Б.Божанов ел атынан аймақ басшылығына алғысын білдіріп, ауыл халқын құттықтады.
Сапалы салынған дәрігерлік амбулатория қазіргі заманғы медициналық құрал-жабдықтармен, дәрігерлермен қамтамасыз етілген. Енді ауыл тұрғындары осында дәрігерлерге қаралып, медициналық тексерістен өтетін болады.
Айта кету керек, 2016 жылы дәрігерлік амбулатория ғимаратының құрылысына республикалық бюджеттен 89 013 мың теңге және облыстық бюджеттен 21 001 мың теңге қаржы бөлінген болатын. Құрылыс жұмыстарының бас мердігері - «Бомур» ЖШС.