ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Шиелі ауданындағы Ш.Қодаманов ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңа нысанның ашылу салтанатына облыстық мәслихат хатшысы Н. Байқадамов, облыстық мәслихат депутаты Р. Ысқақова қатысты.
Жаңадан бой көтерген нысанда 3 адамдық күндізгі стационар жұмыс жасап, ауыл тұрғындарына 10 медицина маманы қызмет көрсететін болады. Жалпы соңғы 10 жыл көлемінде аудан халқына сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында 13 нысан пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін Еңбекші, Ақмая елді мекендерінде жаңа дәрігерлік амбулатория ашылады.