ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРДІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ СӨЗ БОЛДЫ
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі кеңестің бұл жолғы басқосуында қазақтың қолөнері мен зергерлік өнерін дамыту және оны насихаттау мәселелері талқыланды, деп жазылған партияның ресми сайтында.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Жанат Ахметова ұлттық құндылықтарымызды шетелдік туристер арасында насихаттау бағытында ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінің маңыздылығына тоқталды. Отырыс барысында Кеңес төрағасы Ибадулла Құттықожаев мәдениет пен өнерді дамыту бағытындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда кеңес мүшелерінің ұсыныстары оң нәтиже беріп отырғандығын айтты. «Мирас» қоғамдық кеңесі енді тек мәдениет пен өнер және тіл саясатын жетілдіру бағытында ғана емес, қазақстандық қоғамдағы бірлікті және келісімді сақтау жөніндегі жұмыстар бойынша да ұсыныстарды жинақтайтынын атап өтіп, кеңес құрамына Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Уәлихан Ибраев пен «Қызылорда облыстық түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі жетекшісі Гүлчін Гейдарованы қабылдады.
Сондай-ақ, қоғамдық кеңес құрамы «Мәдениет пен өнер»,«Тіл саясатын жетілдіру» және «Қазақстандық қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтау» секілді негізгі 3 бағытқа бөлініп, аталған топтарға жетекшілер тағайындалды. «Мәдениет пен өнер» бағыты бойынша топ жетекшілігіне кеңес мүшесі, облыстық филармония директоры Талғат Мақашов, «Тіл саясатын жетілдіру» тобының жетекшілігіне кеңес мүшесі, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Бағдат Кәрібозұлы және «Қазақстандық қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтау» бағыты бойынша топ жетекшілігіне «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Уәлихан Ибраев сайланды.