ЕЛБАСЫНАН ЕРЕКШЕ СЫЙЛЫҚ АЛДЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Аяз Атаға хат жаз» жобасын қолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі әлеуметтік желіде.
«Қазпошта» АҚ жүзеге асырып жатқан аталмыш жоба аясында әрбір адам балалардың хатын таңдап алып, олардың тілектерін орындауға болады. Осымен екінші жыл қатарынан Мемлекет басшысы осы жобаға қолдау көрсетіп, жас қазақстандықтардың армандарын орындауда.
Биыл Нұрсұлтан Назарбаев павлодарлық Ардақ Шалабаевтың хаттағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне билет сұраған тілегін орындады. Келер жылдың басты оқиғасын өз көзімен көруді армандаған 11 жасар балаға Мемлекет басшысы Астанадағы ЭКСПО-ға 4 билет сыйлады.
Атырау облысы Махамбет ауданындағы арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушісіне Елбасы үйренуге арналған тігін машинасын, сондай-ақ доптар, ракеткалар мен басқа да спорттық заттарды тарту етті. Елбасынан ерекше сыйлық алғандар қатарында Қызылорда қаласы Тасбөгет кентіндегі 6 жасар Нұрислам Серіков те бар. Оның өтінішін жауапсыз қалдырмаған Елбасы Нұрисламға балалар әдебиеті мен «Лего» конструкторын сыйлауды ұйғарды.
Жалпы, «Аяз Атаға хат жаз» науқаны Жаңа жыл қарсаңында жас қазақстандықтардың тілектерін орындаудың үлкен мүмкіндігі. Жоба аясында ел азаматтары аз қамтылған отбасылардан шыққан, мүгедек және жетім балалардың тілектерін орындауларына болады.