МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ СЕРТИФИКАТТАР ТАПСЫРЫЛДЫ
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мемлекеттік қызмет саласындағылар мен бюджеттік сала қызметкерлерінің арасында жүргізілген мемлекеттік тілді оқыту курсының нәтижесі шықты. «Қазтест» жүйесі бойынша алғашқы сертификаттық тестілеуге қатысып, оң нәтиже алған мемлекеттік қызметшілерге сертификат табысталды.
Шараға облыстық мәслихат аппараты, бірқатар облыстық басқармалар мен департаменттің мемлекеттік қызметшілері қатысты. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы А.Қайруллаев Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы және алда келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. «Қазтест» жүйесі бойынша «Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру» атты әлеуметтік жобасы іске асырылып, 2016 жылғы тамыз айынан бастап аудандарда, Қызылорда қаласында және облыстық басқармалар арасында екі күндік семинар-тренингтер өткізілді. Ол шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлері қамтылды. Сонымен қатар, 382 мемлекеттік қызметші мен бюджеттік сала қызметкері мемлекеттік тілді оқыту курсынан өтті.