ҚАЗ АСЫРАУДЫ ҚОЛҒА АЛДЫ
Жалағаш ауданы Ақсу ауылындағы «Сыр-Арна» фермерлік қожалы¬ғы құрылысының бірінші кезеңі аяқталып, онда төрт адам тұрақты түрде жұмыс жасауда. «Сыр-Арна» ЖШС құс фермасының басшысы Дәулет Сәруартың айтуынша, кешен толық іске қосылғанда, тоғыз жаңа жұмыс орны ашылып, ауыл азаматтары жұмыспен қамтылмақ.
Бүгінде құс фермасында Павлодар облысынан әкелінген мың бас қаз өсірілуде. Алдағы уақытта бұл балапан қаздардың еті, жүні, бауыры сатылымға шығарылмақ.
Бұл кәсіп түрі аймақ бойынша алғашқы рет қолған алынған бірегей жоба. Жобаны жүзеге асырып отырған жас жігіттің мақсаты – аймақ экономикасының дамуына өз үлесін қосу. Сонымен бірге, бүгінгі таңда нарық талабына сай құс еті және жұмыртқасы ерекше сұранысқа ие болып отыр. Демек бұл кәсіптің оң нәтиже беретініне сенім мол.
Өңірімізде құс етін өңдейтін серіктестіктер жоқтың қасы. Балапан қазды баптауға аса мұқияттылық та қажет емес. Тек уақытылы жем-шөбін беріп отырсаңыз болғаны. Шаруа басындағы мамандардың сөзінше, қаздардың сүйіп жейтін жемтігі — жоңышқа мен бидай. Мұны да «Сыр-Арна» ЖШС қолға алған.
«Бұл құстардың ерекшелігі сол, ақпан мен мамыр айларының арасында жұмыртқалайды екен. Әр қаз айына 30 жұмыртқа табады. Бір ғана қаздан жұртқа жұмсақ ет пен мамық жастық жасау бастамасы өңір дамуына тың серпін беретіні сөзсіз. Қаздардың салмағы 7-8 келіні құрайды. Жоба толық қуатына көшсе, жылына 12 тонна қаз еті, 400 келі қаз жүні және 300 келі бұқтырылған қаз бауырынан жасалған консерві жасамақ ниетте, - деп жазады аудандық «Жалағаш жаршысы» газеті.