ЖАТ АҒЫМ ЖАРЫЛҚАМАЙДЫ
Қармақшы аудандық прокуратурасы мен аудан әкімі аппаратының терроризм профилактикасы, жұмылдыру дайындығы, азаматтық және аумақтық қорғаныс жұмыстары бөлімінің ұйымдастыруымен Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицей базасында оқушылармен дәстүрлі емес діни ағымдардан сақ болуға үндеген кездесу өткізілді.
Кездесу барысында аудандық прокуратура прокуроры М. Эсенбулатов, аудандық «Марал ишан» мешітінің бас имамы Д.Талқанбаев, аудан әкімі аппаратының терроризм профилактикасы, жұмылдыру дайындығы, азаматтық және аумақтық қорғаныс жұмыстары бөлімінің бас маманы Д.Бисембаев жастарға экстремизм және терроризм профилактикасы мен қатар олардың алдын-алуға бағытталған заң талаптарын кеңінен түсіндірді.
Жиын барысында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар беріліп, пікір алмасты. Шара соңында оқушыларға дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы дайындалған түрлі бейнероликтер көрсетілді. Аталған кездесулер ауданның барлық мектептерінде өткізілді.