ЖАҢАҚОРҒАНДА ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ
Бүгін Жаңақорған кентінің «Саяжай» аумағынан он сегіз пәтерлі үш қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды. Жобаны «СМП - Қызылорда» ЖШС жүзеге асырмақ. Бұған кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған гранттық қаржыландыру шеңберінде 30 миллион теңге қарастырылған.
Тұрғын үйдің іргетасын қалау рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақов қатысты.
Қазіргі таңға тұрғын үйдің іргетасын орналастыру жұмыстары атқарылуда. Көп қабатты тұрғын үй жобасында: 1 бөлмелі – 3 пәтер, 2 бөлмелі – 6 пәтер, 3 бөлмелі – 9 пәтер жоспарланған.
2017 жылы Саяжай мөлтек ауданында 15 көп қабатты тұрғын үй салынып, 466 пәтер пайдалануға беру жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында 60 бос жұмыс орындары ашылып, аудан аумағындағы жұмыссыз азаматтар жұмыспен қамтылатын болады.