МИНИСТР ЖӘРДЕМАҚЫ МЕН ЗЕЙНЕТАҚЫ МӨЛШЕРІНІҢ ӨСІМІН ТҮСІНДІРДІ
Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова бала тууға байланысты берілетін жәрдемақы мен зейнетақы мөлшерінің келер жылғы өсіміне қатысты нақты түсіндірме берді. Бұл туралы www.mzsr.gov.kz/ru ресми сайтында жарияланды.
ҚР ДСӘДМ басшысы ҚР Қаржы министрлігімен бірлесіп жүргізілген есепті ескере отырып, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап базалық және ынтымақты зейнетақы мөлшерінің 20%-ға өсетінін хабарлады.
2017-2019 жылдарға арналған бюджетке сәйкес, ынтымақты зейнетақының мөлшері 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 9%-ға, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2017 жылдың 1 шілдесінен тағы да 11%-ға ұлғайтылады. Мәселен, егер ынтымақты зейнетақы мөлшері 2016 жылы 40000 теңге болса, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 9%-ға арттырылып, 43600 теңгені құрайтын болады. 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап тағы 11%-ға ұлғайтылып, жалпы мөлшері 48396 теңге болады. Осылайша, 2017 жылы ынтымақты зейнетақы мөлшері 2016 жылмен салыстырғанда 20%-ға ұлғайтылмақ.
«Базалық зейнетақы 2017 жылғы 1 қаңтардан 7%-ға, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2017 жылдың 1 шілдесінен тағы да 13%-ға ұлғайтылады. Мәселен, ағымдағы жылы егер базалық зейнетақы мөлшері 11965 теңге болса, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 7%-ға арттырылып, 12 802 теңгені құрайтын болады. 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап тағы 13%-ға ұлғайтылып, жалпы мөлшері 14466 теңге болады. Осылайша, 2017 жылы базалық зейнетақы мөлшері 2016 жылмен салыстырғанда 20%-ға өседі»,- деп хабарлады Тамара Дүйсенова.
2,1 млн-ға жуық зейнеткердің зейнетақысын арттыру үшін республикалық бюджеттен қосымша 79,8 млрд. теңге бөлінеді. Жоғарыда аталған өзгерістерді ескере отырып, зейнетақының ең төменгі мөлшері (базалық зейнетақыны есептегенде) 2016 жылғы 37 789 теңгеден 2017 жылғы 1 шілдеде 45 711 теңгеге артады. Зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақыны есептегенде) 55 154 теңгеден 66 721 теңгеге дейін ұлғаяды.
Бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 2017 жылғы 1 қаңтардан 7%-ға, ал 2017 жылғы 1 шілдеден тағы 20%-ға арттырылады. Нәтижесінде 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда өсім 27%-ды құрайтын болады.
«Егер ағымдағы жылы бірінші, екінші, үшінші баланың тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 66621 теңге болса, 2017 жылғы 1 қаңтарда 71270 теңге болып, 1 шілдеде 86222 теңгеге дейін артады. Ағымдағы жылы төртінші баланың тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 111035 теңге болса, 2017 жылғы 1 қаңтарда 118 мың теңге болып, 1 шілдеде 142947 теңгені құрайды», - деп түсіндірді Тамара Дүйсенова.
Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен келесі жылы қосымша 1,8 млрд. теңге бөлінеді.