ЖАСЫЛ ШЫРША ЖАНЫНДА
Жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасып келе жатқан аудан әкімінің шыршасы биыл Қамбаш көлінің жағасындағы «Қамбаш» балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығында» өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Шырша мерекесіне аудан бойынша жалпы 90 бала қатысты.
Кішкентай бүлдіршіндер мен мектеп оқушыларын мерекемен құттықтаған аудан әкімі М.Оразбаев жаңа жылдық шырша шамын жақты.
Мұнан кейін, әртүрлі ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне енген аудандық оқушылар үйінің өнерпаздары мен балалар Аяз ата мен Ақшақарды ортаға алып түрлі ойын ойнады. Өз өнерлерін көрсетіп, ән салып, би биледі. Арнайы мерекелік торттан дәм татып, жақсы арман мен үмітте Мешін жылын шығарып салған балақайлар табысты Тауық жылын қарсы алды. Мереке соңында балаларға аудан әкімінің жаңажылдық сыйлықтары мен тәттілері табыс етілді.