КОМПОЗИТОРЛАР КОНКУРСЫНАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына байланысты ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілген байқауда қазалылық Сәукен Әліш лауреат атанып, жүлделі ІІІ-орын иеленді.
Осыған орай ұйымдастырылған салтанатты марапат Астанадағы «КОНГРЕСС-ХОЛЛ» сарайында өткізілді. 2011 жылы да Сәукен Әліш хорға арналған «Туған елім - Қазақстан» атты шығармасымен жүлдегер атанған болатын. Екі жүлде де С.Әліштің хор және оркестрге арналған шығармалары үшін беріліп отыр.
Конкурста басты жүлдені Алматыдағы қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бейбіт Дәлденбай «Желтоқсан» атты симфониясымен иеленсе, екінші жүлде осы аталған оқу орнының оқытушысы, профессор, композитор-симфонист Владимир Стригоцкийге симфониялық поэмасы үшін берілді. Ал үшінші жүлде алған Сәукен Әліштің халық аспаптары оркестріне арналған тарихи «Ұлы дала қыпшақтары» деп аталды.