НЕСИЕ ПАЙЫЗЫ АЗАЯДЫ
Орталық коммуникациялар қызметінде АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаттарына арналған баспасөз конференциясы болып өтті. Жиынға ҚР АШМ Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры А. Қажыбекова және «Атамекен» ҰКП Агробіліктілік орталығының директоры Т. Рахымбеков қатысты. Бұл туралы http://mgov.kz/ ресми сайтында жарияланды.
Бағдарламадағы басымдықтар Мемлекет басшысының тапсырмасына негізделген және де саланың ағымдағы ахуалы толық талданған. Осыған сәйкес нарықта аса қажетті әрі бәсекеге қабілетті АӨК өнімдерін өндіруді қамтамасыз ету үшін 16 міндет тұжырымдалды.
Өсімдік шаруашылығындағы өзгерістерді баяндаған департамент директоры өнімді қайта өңдеу және өткізу инфрақұрылымына байланыстыра отырып өндірістерді өңірлік мамандандыруға баса мән берілетінін жеткізді. Бұл мақсатта өнімді сақтау, тасымалдау, қайта өңдеу және өткізу инфрақұрылымын салумен қатар жоғары репродукциялы тұқым өндіру және пайдалану қолға алынатын болады, соның арқасында мол астық және сапалы өнім алуға мүмкіндік туады.
Егіс алаңдарын әртараптандыру жалғастырылатын болады. Бидай алаңдары қысқартылады. Бос алаңдарға жем-шөп, майлы, т.б. дақылдар егіледі.
Көктемгі егіс жұмыстарына арналған несие дәнді дақылдардан басқа, картоп, көкөнiс-бақша, майлы және басқа да дақылдарды егуге беріледі. «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның қаржы ұйымдары арқылы берілетін несиелер бойынша тиімді пайыздық мөлшерлемені белгілеу жоспарлануда. Мәселен, келесі жылдан бастап көктемгі-далалық жұмыстарға арналған несие соңғы тұтынушы үшін 3 %-дық жылдық мөлшерлемемен беріледі (2016 жылғы 7,4%-дың орнына).
Айта кететін жайт, жаңа бағдарлама бүгінге дейін бекітілген бюджет шеңберінде жүзеге асырылады.