ХҚКО НЕСИЕ АЛУҒА КӨМЕК БЕРЕДІ
Халыққа қызмет көрсету орталығы енді банктерден екінші деңгейлі несие алуға көмектеседі екен. ХҚКО арқылы ақылы қызмет көрсетудің жолдары туралы бүгін «ХҚКО» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Аида Абибуллаева «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте мәлімдеді.
А.Әбибуллаева өз сөзінде, банктен екінші деңгейлі несие алу барысында құжаттар дайындауда кездесетін кедергілерді ХҚКО арқылы ақылы негізде дайындауға көмек бере алатындықтарын атап өтті. Сонымен қатар, тұтынушылардың құжат дайындау барысында басқа мемлекеттік мекемелерге бармай, осы орталықтан ғана жұмыстарын бітіруге мүмкіндік туып отыр.
Қазіргі уақытта облыстық халыққа қызмет көрсету орталығы екінші деңгейлі 4 банкпен тығыз байланыс орнатты. Олар - "АТФ Банк" АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «Сбербанк» және Халық банктердің облыстық филиалдары.
Әр адамға ақылы қызмет көрсету түрлері нақты деректер қарастырылған. Жылжымайтын мүлiк тiркеуге қатысты, тiркеулi жылжымайтын мүлiк құқықтары туралы анықтамаларды алу және оның техникалық мiнездемелерi, банктен екінші дейгейлі несие алу үшін кепілге қойылатын мүліктер сияқты тағы да басқа барлық сұрақтар бойынша тұтынушыларға құқықтық кеңес беру ХҚКО қызметкерлерінің міндетіне кіреді. Бұл қызмет түрімен тұтынушыларға уақытын және қаржыларын үнемдеуге мол мүмкіндік беріліп отыр, - дейді Аида Әбибуллаева.
Фариза ОМАРОВА