БАЛАЛАРҒА ТАРТУ ЖАСАДЫ
Жаңа жыл – үлкен мен кішінің үміттене күтетін сәті. Әсіресе, балалар Аяз атаның қоржынынан шығатын тәттілер мен сыйлықты алуға асығады. Бірақ тұрмысы төмен, көпбалалы отбасылар үшін жыл тоғысын сән-салтанатымен өткізу оңай соқпасы тағы анық.
Осыны ескерген шиелілік кәсіпкер, «Нұр Талап и К» ЖШС басшысы Қанатбек Керейітбаев тұрмысы төмен, көпбалалалы 30 отбасыға қайырымдылық көмек жасады. Ш. Қодаманов елді мекенінде құрылыс салып жатқан мердігер мекеме басшысының бұд бастамасынан ауыл кәсіпкерлері де қалыс қалмады. "Үміт" шаруа қожалығының төрағасы Мұрат Батталов мүмкіндігі шектеулі 8 балаға сый жасаса, жеке кәсіпкер Патима Даниярова көпбалалы 10 отбасына жаңа жылдық сыйлықтар тарту етті.