«ӘЛИХАН ӘЛЕМІ» КІТАБЫ ШЫҚТЫ
Қазақ Географиялық қоғамы Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойына орай "Әлихан әлемі" кітабының тұсаукесерін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Кітапханасында Қазақ тарихындағы көрнекті тұлға, қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы аясында атқарылған шараларды қорытындылауға арналған дөңгелек үстел болып өтті. Оған Мәмбет Қойгелді, Айгүл Ісімақова, Бейбіт Қойшыбаев, Орынай Жұбаева, Қайырбек Кемеңгер сияқты танымал қазақстандық ғалымдар мен алаштанушылар қатысты.
Дөңгелек үстел барысында Қазақ Географиялық қоғамының қолдауымен "Әлихан әлемі" кітабы таныстырылды. Басылымдағы материалдардың біраз бөлігі осы мерейтойға арналған халықаралық экспедиция барысында жинақталған.
Еске сала кетсек, өткен жазда алаштанушылар, тарихшылар мен журналисттер тобы көрнекті ғалымды зерттеуге арналған экспедиция ұйымдастырғани еді. Оның маршруты Ақтоғай-Карағанды-Қарқаралы-Семей-Омбы-Петербор-Выборг-Минск-Самара-Орынбор-Мәскеу қалаларын қамтыды.
Баспагерлердің сөзінше, "Әлихан әлемі" кітабы оқырмандарды қайраткер өмірі мен еңбектеріндегі қызықты деректермен таныстыру мен насихаттауға бағытталған.
"Мен кітапты басып шығарудағы көмегі үшін Қазақ Географиялық қоғамына алғысымды айтамын. Кітап екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде Бөкейханның еңбектері бойынша географиялық және атаулық көрсеткіш келтірілген. Бұл ақпарат Әлихан Бөкейханның тоғыз томдық шығармалар жинағын талдау барысында құрастырылды. Оның көмегімен ғалымның мұрасын зерттеушілер қажетті мәліметтерді оңай таба алады. Екінші бөлімге "Алаш" көшбасшысының мұрасы бойынша зерттеулерім мен ҚазГео экспедициясының нәтижелері енгізілді. Экспедиция барысында көрнекті ғалым және ағартушы жайлы толымды ақпарат жинадық. Кітапқа Ә.Бөкейханның еңбектерінде аталып өткен танымал тарихи тұлғалардың фотографиялары мен баспасөз басылымдарының суреттері қосылған", - деп атап өтті Қайырбек Кеменгер.