ТИІМДІ ӘРІПТЕСТІК АЯСЫНДА
Облыс аумағында 889 үкіметтік емес ұйым тіркеліп, оның екі жүзі тұрақты жұмыс жасап келеді. Бұл туралы арнайы ұйымдастырылған баспасөз конференциясында Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы қауымдастығы жетекшісі Ақтолқын Сунгур хабарлады.
Өтіп бара жатқан жылы ҮЕҰ жобаларын жүзеге асыруға 811 млн. теңге бөлінген.
-2016 жылдың 1 тамызынан бастап Азаматтық Альянс облыстық ішкі саясат басқармасы тапсырысына орай «Социум», «Ақпараттық-ресурстық орталық» және «Байқоңыр қаласы, Төретам, Ақай елді-мекендері бойынша ҮЕҰ-ды дамытуға бағытталған ресурстық орталық жұмысын ұйымдастыру» жобаларын жүзеге асырып келеді. Бұл үкіметтік емес ұйымдар жұмысын жандандыруға ерекше серпін берді. Жоба аясында 60-тан астам ҮЕҰ қауымдастықпен бірлесе отырып, 100-ден астам шара өткізді,– дейді Ақтолқын Сунгур.
Жуырда Астана қаласында өткен VII Азаматтық форумда үкіметтік емес ұйымдар жұмысын айқындау мен жүйелеу талқыланды. Онда ортақ мәселелер айтылып, мемлекет пен ҮЕҰ-ның қарым-қатынасының жаңа бағыттары белгіленді.