«БЛАГО ДАРИ» ҚОНЫСТОЙЫН ТОЙЛАДЫ
Осыдан бір жыл бұрын Байқоңыр қаласында «БлагоДари город Байконур» мүгедектерге арналған қайырымдылық қоры» тіркелген болатын, деп хабарлайды «Қазақпарат».
Жуырда қала әкімшілігінің қолдауымен «Благо Дари город Байконур» жаңа ғимаратқа көшті. Логопед, арт-терапия, баланы дамыту мен мектепке дайындық, кітапхана мен жаттығу залы бар жаңа қоныс мүгедек балаларды оңалту ісімен айналысып жүрген азаматтар үшін үлкен сый болды.
Қор жетекшісі Р. Баймаханова да даун ауруына шалдыққан баласын тәрбиелеп отырған ана. Мүмкіндігі шектеулі балалар мәселесін жақсы білетін ол қорды тіркету жұмысының қиындығынан қашпады. Ол осы ортақ іске байқоңырлықтардың үлкен үлес қосқанын айтады. Жергілікті кәсіпкер Ольга Кузнецова еріктілердің басын қосып, акция өткізіп, қорды тіркетуге қаржыны жинауға көмек қолын созды
Бүгінде «Благо Дари Байконур» жаңажылдық ертеңгіліктерге дайындалуда. Балаларға сыйлықтарды «Южный» ғарыш орталығы, кәсіпкерлер мен жұлдызды қала тұрғындары ұсынып отыр.