УАҚЫТША ҰСТАУ ИЗОЛЯТОРЫНЫҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫРДЫ
Департамент бастығының тапсырмасына сәйкес қала көлемінде кәмелетке толмағандар жасайтын қылмыстардың алдын алу мақсатында Жергілікті полиция қызметкерлері ішкі істер органдарының есебінде тұратын балаларға ата-аналарының рұқсатымен қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторы және әкімшілік қамау орындарына экскурсия ұйымдастырып, оларды жазасын өтеп жатқан адамдардың тыныс-тіршілігімен таныстырды.
Аталмыш шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандардың арасында орын алатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, ойланбай жасалған іс-әрекеттің салдарын түсіндіру, сондай-ақ олардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Шара барысында кәмелетке толмаған балалар тергеу изоляторын аралап, заң шеңберінде кеңестер алды. Оларға полиция қызметкерлері әр қадамды ойланып жасау қажеттігін түсіндіріп, жасөспірімдердің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.
Айта кетерлік жайт, жыл басынан бері әр түрлі деңгейдегі қылмыстық әрекеті немесе құқық бұзушылығы үшін ішкі істер органдар есебіне 314 кәмелетке толмаған жасөспірім алынды. Оларды тәрбиелеу жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілуде.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі