ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Жаңажылдық мерекелер кезінде пиротехникалық құралдарды пайдалануда қауіпсіздік шараларын ескермей, опық жейтіндер көп. Осыған орай Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Қауіпсіз Жаңа Жыл» акциясы аясында бірқатар үгіт – насихат шараларын жүргізді. Облыстық медициналық орталықта семинар өткізіліп, әдеттегідей пиротехникалық құралдарды пайдаланудағы аңғалдықтан болатын аяқ-қолдың, беттің күюі секілді зардаптары туралы қызу талқыланды. Сонымен қатар «Дарын» ғылыми – тәжірибелік орталығында 14 мектептің оқушылары үшін интерактивті сабақ өткізілді, онда мереке күндеріндегі қауіпсіздік мәселелері талқыланды.
Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы