АРДАГЕРДІҢ ҚОС КІТАБЫ
«Сыр медиа» ЖШС биылғы меркелік жыл аясындағы шаралар ауқымында еңбек ардагері, Қазақстанның құрметті журналисі Рысты Бекбергенованың қос кітабын шығарып берді.
Бүгін серіктестік ғимаратында мекеменің бас директоры Аманжол Оңғарбаев облыстық «Сыр бойы» газетінде ұзақ жылдар еңбек еткен ардагердің өмір жолына тоқталып, «Өмір-өлең көңілді көркейтетін», «Өмірдің ақ-қарасы» деп аталатын осы туындыларды авторға тарту етті.
«Өмір-өлең көңілді көркейтетін» туындысы аты айтып тұрғандай поэзиялық жинақ болса, «Өмірдің ақ-қарасы» кітабында журналистің бұрынғы мен бүгінгі, қоғамдағы қайшылықтар туралы ой толғамдары, әңгімелері топтастырылған.
Еңбек ардагері өзіне көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, ұжымға береке тілеп, алғысын жеткізді.