ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ПРОКУРОРЛАРҒА СЕНІМ ЖОҒАРЫ
«Астана-Зерттеу» қоғамдық қоры 2016 жылы халықтың прокуратура органдарына сенім білдіру деңгейін анықтау мақсатында әлеуметтік зерттеу жүргізген болатын.
Оның нәтижесінде прокуратура органдарына халықтың сенім білдіру деңгейі жоғары облыстардың ішінде Қызылорда облысы алғашқы 3 аймақтың қатарына орнықты. Біздің облыстан сауалнамаға қатысқан респонденттердің 89,2 пайызы прокуратура органдарына сенім артатынын білдірген.