ҮЛКЕН ЖҮРЕКТІ АЗАМАТ ЕДІ
Алпыс алты жасында Валерий Владимирович Ковалев өмірден өтті.
Валерий Ковалев 1950 жылы 12 шілдеде Қызылорда қаласында туды. Қаладағы № 5 мектепті бітіріп, Мәскеу авиация институтының ұшу аппараттары факультетіне оқу түседі. Оқу орнын бітіргеннен кейін Байқоңыр қаласында мамандығы бойынша жұмыс істеп, ғарыш өндірісін дамытуға сүбелі үлес қосты. Еңбек жолын Мәскеу облысы Королев қаласындағы «Энергия» ғылыми-өндірістік бірлестігінде жалғастырған жерлесіміз өз ісін жетік білетін маман ретінде танылды. Жетпісінші жылдары туған жеріне оралып, партия органдарында қызмет істеді. Әуелі облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, кейіннен өндірістік-транспорттық бөлімнің меңгерушісі болды.
Валерий Ковалев Қызылорда облысының дамуына тың серпін берген Құмкөл мұнай кенішін игеруді бастаған мамандардың бірі еді. Көп ұзамай ол Ресейдің Подольск қаласына қоныс аударып, сондағы «Новость» ақпарат агенттігінде жұмыс істеді
Валерий Ковалев өз ісінің білгірі әрі талантты ұйымдастырушы еді. Қай лауазымда отырса да ол туған жері – Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты үлес қоса білді.
Валерий Владимировичтің ата-анасы да облысқа белгілі азаматтар еді. Әкесі Владимир Георгиевич Ковалев Қызылорда қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы, облыстық партия комитетінің хатшысы қызметтерін атқарды. Анасы Ковалева Антонина Александровна партиялық орган қызметкері болды. Ұлы Отан соғысының отты жолында танысқан екеуі Қызылордада тұрып, еңбек етті. Адал еңбектерімен көп құрметіне бөленді.
Валерий Ковалев Сыр елін әрдайым жылылықпен еске алатын. Өз ісінің шебері атанған абзал адамның жылы жүзі қызылордалықтар есінде мәңгі сақталады. Валерий Владимировичтің отбасына, туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. .
Қызылорда облысының әкімдігі мен облыстық мәслихат