ҚР МЕН РФ «БАЙҚОҢЫР» КЕШЕНІНДЕГІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Санкт-Петербургте «Байқоңыр» кешеніндегі келешектегі ынтымақтастық тұжырымдамасына қол қойылды, деп хабарлайды Қазақпарат Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кеше Санкт-Петербург қаласында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозин «Байқоңыр» кешенінде келешектегі ынтымақтастық тұжырымдамасына қол қойды. Тұжырымдама Қазақстан мен Ресей президенттерінің «Байқоңыр» кешеніндегі ынтымақтастықтың перспективаларын пысықтау туралы уағдаластықтарына сәйкес дайындалып, 2050 жылға дейін есептелінген.
Тұжырымдама жалға алу қатынастарын жалғастыру аясында тараптардың бірлесіп Байқоңыр қаласының және ғарыш айлағының инфрақұрылымын дамыту (жетілдіру), инвестициялар тарту, жаңа жұмыс орындарын құру, тұрғын үй салу, туризмді дамыту туралы уағдаластығын бекітеді. Ғарыш айлағының қолданыстағы инфрақұрылымының негізінде жаңа бірлескен ғарыштық жобаларды және ең алдымен «Бәйтерек» жобасын іске асыруды көздейді. Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде ұзақ мерзімге арналған Байқоңыр қаласының дамытудың бірлескен бағдарламасын қабылдау қаралуда.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов пен ғарыш саласындағы «Роскосмос» Мемлекеттік корпорациясының бас директоры Игорь Комаров 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы Хаттамаға қол қойды. Хаттама, Қазақстан Республикасының Байқоңыр қаласында жұмыс істейтін мемлекеттік органдар тізіміне Қазақстан Республикасының қосымша 10 мемлекеттік органның бөлімшелерін қосуды қарастырады.