«ҚАЗАҚФИЛЬМ» «КІРПІШТЕР» КИНОСЫН ТҮСІРЕДІ
Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында үш бірдей толықметражды көркем фильмдердің жобасы талқыланып, өндіріске жіберілді, деп жазады Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтында.
Қазақстандық жазушы Данияр Сүгіралиновтың «Кірпіштер 2.0» атты кітабының желісі бойынша түсірілетін «Кірпіштер» фильмінің түсіру жұмыстары басталды.
Фильмде өз өмірін өзгертуге ұмтылған жігіттің өмірі баяндалады. Қарапайым да мейірімді жігіт мақсатына жету үшін әдепсіз өзімшіл қатыгез адамға айналады. Адамның адалдығына сенуден қалып, достарынан да айырылған ол түбінде жалғыз қалады. Өмірінің осылайша өзгергенін қаламаған бас кейіпкер жан күйзелісіне ұшырап, ішімдікке салынады. Алайда маскүнемге қол ұшын созғандар табылып, енді ол нық сеніммен жаңа өмірге қадам басады.
- Өмірден өз орнын таба алмаған, әбден түңілген жастарға арналған бұл шығарма оларды өмірлерін мәнді де мағыналы етіп өзгертуге шақырады, - деді «Кірпіштер 2.0» кітабының авторы Данияр Сүгіралинов.
Сонымен қатар дайындық кезеңінен өткен «Шала қазақ» және «Ең сұлу. 14 қыз» атты толықметражды көркем фильмдердің авторлары алғашқы көріністерді түсіруді бастады.
«Ең сұлу. 14 қыз» фильмі биыл жарыққа шығып, прокаттың көшбасшысы болған «Ол алты қыз» комедиясының жалғасы. Комедияның авторлары бұл фильм нағыз достықты насихаттайтын әзілге, қызықты оқиғаларға толы, халықтың көңілінен шығатын кинотуынды болатынын айтты.
- Қай заманда болсын, қазақ халқы әрқашанда шаңырақты жоғары бағалаған. Қазіргі аласапыран қиын заманда құндылықтардың орны мен реті өзгеріп, жастар отбасын құруға асықпайды. Еркін қарым-қатынастарға жол беріліп, мансапқорлыққа ұмтылған жалғызбастылар саны көбейіп жатыр, - деді картинаның режиссері Қанағат Мұстафин.