ҚАЗАЛЫНЫҢ ӨНІМДЕРІ РЕСЕЙ МЕН АҚТӨБЕГЕ ЭКПОРТТАЛАДЫ
Қазалы ауданының әкімі Нажмадин Шамұратов ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің бақша өнімдерін экспортқа өткізу мақсатында Мәскеу қаласына іссапармен барды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі аудандық әкімдікке сілтеме жасап хабарлады.
Іссапар барысында Қазалы ауданы әкімдігі мен қазақстандық тауарларды көтерме сауда орталығында өткізетін «Kaz-Food» компаниясының бас директоры А.Рапиев арасында меморандумға қол қойылды. Сонымен бірге «Скайленд-94» жабық акционерлік қоғамының бас директоры Б.Гараевпен де қазалылық өнімдерді өткізу жөнінде келісім жасалды.
Осыдан кейін аудан әкімінің іссапары Қазалы Ақтөбе облысында жалғасты. Өңірлер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға арналған форумда ақтөбелік кәсіпкерлер Қазалы өнімдерін сатып алуға ниетті екендіктерін жеткізді. Сондай-ақ, тауарларын да Сыр өңірінде сатылымға қою жөнінде ұсыныстарын айтты. Жиын соңында Ақтөбе облысының 8 ауданының әкімі мен Қазалы ауданы әкімінің арасында әріптестік меморандумға қол қойылды. Бұдан бөлек, Ақтөбе қаласында ұйымдастырылған Қазалы ауданы өнімдерінің көрмесінде «РЗА» АҚ-ның сүт, ет өнімдері, «Сыр маржаны», «Есхожаев» ЖШС-нің күріш өнімдері, «Бейімбет» кооперативінің консервіленген жеміс-жидек өнімдері ақтөбеліктер назарына ұсынылды.