АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ ТРАКТОР ҚҰРАСТЫРДЫ
Бүгінде әлеуметтік желіге салынған жаңалық сол мезетте желдей еседі. Біз сөз еткелі отырған мақала кейіпкері де ғаламтордың басты жаңалығына айналары айқын. Сунақата ауылының тұрғыны Өмірзақтың өзі құрастырған тракторы ауыл жұртшылығына танымал, деп жазады аудандық «Жанақорған тынысы» газеті.
Қарапайым ғана ауыл тұрғыны қолда бар темір-терсектен трактор құрастырып, өзінің игілігіне пайдалануда. Таң шапағымен таласа тұрып, қас қарайғанша қарбалас тірліктің ортасында жүрсе де ойдағы жобасын жүзеге асырды. «Жақсыны көрмекке» деп, біз де бардық. Аулаға кіргеннен көк, сары түске боялған трактор көзге түсті. Шағын әрі ыңғайлы. Тіркемесі тағы бар. Малдың жем-шөбін, үйдің отын-суын тасуға таптырмас көлік. Негізгі құрастырылудағы мақсаты да осы.
– Негізгі бөлшектерін алуға 60 мың теңге жұмсадым. Қалған темір-терсегінің бәрі өзімнен шықты. Дәнекерлеуші маманы болғандықтан трактордың қыр-сырына қанықпын,– дейді Өмекең.
Трактордың моторы мотоциклдікі. Бүгінгідей дағдарыс уақытында май үшін үнем. Өмекең техникасын одан әрі жетілдіруді мақсат етеді. Қарапайым ғана ауыл тұрғынының өзгеге үлгі боларлық дүниесі еңбекқорлықтың ерен белгісі.