ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ
Жуырда Қызылорда қалалық сотында заңдық маңызы бар фактіні анықтау туралы азаматтық іс қаралған болатын. Атап айтқанда, қыз бала өзінің анасының қайтыс болғандығы туралы фактіні бекітуді сұрап, сотқа арызданған. Істі қарау барысында қыздың әкесінің де жыл басында ауыр науқастан қайтыс болғандығы анықталды. Одан кейін жақында анасы қатты ауырып, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, сырқаттың себебін анықтау барысында мезгілсіз көз жұмады. Осылайша бір отбасында 5 бала жетім қалған.
Балалардың басындағы ауыр қайғыға алаңдаушылық танытқан судьялар оларға көмек көрсетуді қажет деп тапты. Кеше осы отбасында болып, оларға азық-түлік пен сыйлықтар табыстады.
Сондай-ақ, бес жасар қызын бір өзі тәрбиелеп отырған мүгедек ана А.Баекеева да назардан тыс қалмады.
Өз кезегінде балалар судьяларға өздерінің балалық, шынайы, шексіз алғыстарын білдірді.
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі