ҚЫРЫМБЕК КӨШЕРБАЕВ – ЖЫЛ ҮЗДІГІ
Саясаттанушылар, журналистер, блогерлер мен әлеуметтанушылардың бірлескен жобасы 2016 жылдың үздіктерін анықтады. Жүргізілген медиа-рейтинг бойынша Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жылдың үздік саясаткері атанып отыр.
«Қырымбек Көшербаев өңір экономикасын дағдарысқа қарсы шараларға іскерлікпен жұмылдыра алған санаулы әкімдердің бірі. Аймақта тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласын модернизациялау жедел жүргізіліп, 6 мыңнан астам адамға жер телімі берілді. Байқоңырдағы әлеуметтік нысандар Қазақстан заңдылықтары аясында жұмыс істей бастады. Ең бастысы осы жұмыстың барлығы Елбасы саясатының арқасында атқарылып ортақ шаруа ретінде көрсетілді», деп хабарлайды sayasat.kz