ЖЕЛ ҮДЕП, КӨКТАЙҒАҚ БОЛАДЫ
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы хабарлауынша, 27 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде батыс, солтүстік-батыстан соққан жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 27-29 желтоқсан аралығында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Осыған байланысты, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуды ескертеді.
Қызылорда облысы
Төтенше жағдайлар департаменті
Қызылорда облысы
Төтенше жағдайлар департаменті