ҚАЗАҚСТАНДА «ХАЛЫҚ ІРО» БАҒДАРЛАМАСЫН АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
«Халық ІРО» бағдарламасының екінші кезеңін түсіндіру жұмыстары басталды. Бұл туралы «Халық ІРО» сайтында хабарланды.
Қор нарығы негіздерін, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және ұлттық компаниялардың акцияларын сатып алу жолдарын түсіндіруді мақсат тұтқан мұндай дәрістер 25 қалада өткізіледі. Биылғы 13 қазаны мен 30 қараша аралығында 70 ашық дәрістер ұйымдастырылып, ірі ұйым-мекемелерде 400-ден астам таныстырылымдар жасалады. Алғашқы дәрістер Қарағанды, Ақтау, Ақтөбе, Астана және Тараз қалаларында өткізілді. Дәріске қатысудың кестесімен «Халық ІРО» сайтында танысуға болады.
Биыл IPO-ға KEGOC энергетикалық компаниясының акциялары шығарылады. Алдағы жылы құнды қағаздар нарығына «Самұрық-Энерго», ал 2016 жылы «Қазақстан темір жолы» мен «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниялары қатысады.