КЕЛЕСІ АЙДА «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҚОРЫНЫҢ 15 АКТИВІ ЖЕКЕ СЕКТОРҒА БЕРІЛЕДІ
Келесі айдың ішінде «Самұрық-Қазына» қорының 15 активі жеке секторға беріледі. Бұл туралы бүгін «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» АҚ активтері мен нысандарын сату жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы аясында қордың басқарушы директоры Нұрлан Рахметов мәлім етті.
«Бүгінгі отырыста маңызды құжаттар қаралды. Сонымен қатар келесі айдың ішінде жеке секторға берілетін активтердің тізімі мен кестесі бекітілді. Жоспар бойынша келесі айда жеке секторға 15 актив беріледі. Оның ішінде 10 актив Қазақстан темір жолының, 4 актив Қазақстан инжинирингтің және 1 актив Қазатомөнеркәсіптің құрамына кіреді», - деді ол.
Басқарушы директордың сөзіне қарағанда, қордың жеке секторға шығарылатын қалған активтері бойынша бағалау және аудит жүргізу сынды процедуралары өткізілуде.
«Менің ойымша, осы маңызды жұмыс жаңа құрылған комиссияның бақылауымен ашық өткізілетін болады», - деді Н.Рахметов.
Айта кетерлігі, келесі айда жеке секторға шығарылатын активтер қатарында «Біржан-Атырау» жылжымалы құрамды жөндеу және қызмет көрсету кәсіпорны, «Бас-Балқаш 2004» ЖШС, «Ақ Берен» ЖШС, «Қазығұрт-Оңтүстік» ЖШС сынды компаниялар бар.