АРАЛДЫ ҚҰТҚАРУ ҚОРЫН ТҮРКМЕНСТАН БАСҚАРАДЫ
Аралды құтқарудың халықаралық қорын басқару Түркменстанға тиді, деп хабарлайды «Деловой Казахстан» басылымы. Түркменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов 2017-2019 жылдары халықаралық қорға төрағалық етуге байланысты кейбір мәселелерді шешу туралы құжатқа қол қойған
«Экологияға байланысты халықаралық әріптестікті дамытуда Түркменстан ірі жобаларды жүзеге асырып, Арал теңізін құтқару мәселесіне баса мән береді. Бұл бағытта оның бассейніндегі әлеуметтік-экологиялық проблемаларды шешуді маңызды деп санайды,» делінген осы елдегі ірі ақпарат агенттігі «Туркмен довлет хабарлары» таратқан мәліметте.
1990 жылы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркемнстан және Өзбекстан елдерінің құрылтайшылығымен құрылған қор Арал теңізін құтқару мен өңір экологиясын жақсарту бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асырады.
«Арал проблемасы Түркменстанның солтүстігіне зардабын тигізіп отыр. Әсіресе, Ташауз облысы экологиялық қиындық қыспағында қалды. Онда халықты таза ауызсумен қамту, тұзданған аймақтарды қалыпқа келтіру секілді мәселелер бар », — делінген хабарламада.