ЯССАУИ КЕСЕНЕСІ ЖАҢАРАДЫ
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде Мәдениет және спорт мәселелері бойынша қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Кеңес мүшелері «Қазқайтажаңарту» РМК-ның Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі қорғау аймағының шығыс бөлігінде орналасқан нысандарды реставрациялау және іргелес аймақтарын дамыту жоспарына қатысты жобаларын қолдады, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайты.
«Қазқайтажаңарту» РМК директоры Арнұр Қарымсақов жобаларды дайындауда кешен аймағындағы тарихи және мәдени ескерткіштерге зақым келтірмеу ескерілгендігін баса айтты.
Оның мәліметіне қарағанда, жобалық ұсыныстар ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Оңтүстік Қазақстан облысы және Түркістан қаласы әкімдіктері мамандары, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының әкімшілігі және Түркия Республикасы Премьер-министрі жанындағы ынтымақтастық және даму бойынша Түрік басқармасы (ТИКА) сарапшыларына бірнеше рет ұсынылған. Сондай-ақ, ЮНЕСКО халықаралық ұйымның мамандары жобаларды талқылаудың белсенді қатысушылары болды.
Кесененің буферлік ауданына іргелес аймақтарды дамыту жоспары Түркістан қаласын туризм индустриясына бейімдеу мақсатынан туындап отыр. Бұл бастама туризм саласын қалақұрушы факторға айналдыруға мүмкіндік береді.
«Қазқайтажаңарту» РМК жобалық филиалының директоры Сәдуақас Ағытаев отырысқа қатысушыларды ұсынылған жобалардың құрылымымен таныстырды. ИКОМОС Ескерткіштер мен көрікті жерлерді сақтау халықаралық кеңесі мамандары «Жоба аймақтарда тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау мен қорғаудың барлық халықаралық стандарттарына сәйкес келеді» деп баға берген.
Сонымен қатар бұл мәселені қарастыру кезінде жобаланып жатқан ауданның жалпы аумағы 99,6 гектарды құрап, функционалды құрамы бойынша түрлі үш учаскеге бөлінгендігі айтылып кетті. Учаскенің әрқайсысы үшін мәдени мұраның орталық аймағын үйлестіру мақсатында көлем-кеңестік және сәулет-көркемдік шешімнің үлгілері ұсынылды.