ӘЙГІЛІ ХАТҚА – 95 ЖЫЛ!
Арал ауданы тарихтан ойып тұрып орын алған, 1921 жылы В.И.Лениннің Арал балықшыларына жазған үндеу хатына 95 жыл толуын атап өтті. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
1921 жылы бүкіл Ресейдің Поволжье өлкесі мен Пермь губерниясына дейінгі барлық жерде қуаңшылық пайда болып, егін мен шөп түгелдей күйіп кетті. Соның салдарынан бұл өңірдегі мал қырылып жатты. Мал мен егіннен қол үзген Еділ бойындағы миллиондаған адам алапат аштықтың алдында тұрды. Халық Комиссиялар Советінің төрағасы В.И.Ленин Арал балықшыларына арнап хат жазатыны осы кезең еді. Осы хатқа байланысты Арал Совдепінің төрағасы Т.Медетбаев бастаған балықшы қауым Еділ бойына вагон-вагон балық жөнелтіп, миллиондаған халықты аман сақтауға күш салды.
Аудан әкімі М.Оразбаев сол тұста Аралдың атын әлемге танытып, тұрмысы тұралаған елге 14 вагон балық жөнелткен Арал балықшыларының ұрпақтарымен кездесті.
Шара одан әрі орталық алаңдағы әйгілі хат жазылған ескерткіш тақтаның жанында жалғасты.